424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркия мерекеге қарсы төрт күндік коменданттық сағат енгізді

  • 179
Түркия мерекеге қарсы төрт күндік коменданттық сағат енгізді

Түрік үкіметі коронавирустың таралуын тоқтату мақсатында жаңа жылға 4 күндік коменданттық сағат енгізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы осы елдің президенті Режеп Тайып Ердоған министрлер кабинеті отырысынан кейін мәлімдеді. Жаңа ереже желтоқсанның 31 күні сағат 21:00-ден күшіне еніп, қаңтардың 4-і күні таңғы 05:00-де аяқталады. Екі апта бұрын, Түркия дүйсенбіден жұмаға дейін коменданттық сағат, демалыс күндеріне толық локдаун жариялаған еді. Сондай-ақ тамақтану орындарының жұмысын курьерлік және өзіңмен алып кету қызметі арқылы бастаған. Сауда орталықтарына тек коронавирус инфекциясын таралуына тосқауыл қоюға арналған арнайы код арқылы кіру мүмкін. Айта кеткен жөн, соңғы тәулікте Түркияда коронавирусты 29 мыңнан астам кісі жұқтырды. 229 кісі көз жұмды. Бұл қатерлі індет басталғалы адам өлімі бойынша ең жоғарғы көрсеткіш.

Режеп Тайып Ердоған, Түркия президенті:

– Бұған дейін енгізілген шектеулердің нәтижесі қазір де байқалады. Ал 31 желтоқсан күні сағат 21:00-ден 4 қаңтарға таңғы 05:00-ке дейін коменданттық сағат енгізіледі. Бұл күндері үздіксіз жұмыс істейтін медицина қызметкерлері мен басқа да мемлекеттік қызметкерлерге жеңіл болуы үшін балабақшалар мен бастауыш сынып оқушыларына оқу-ағарту мекемелерінде есік ашық болады.

Хабар 24 телеарнасы