383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде металлург мамандығына сұраныс артып келеді

  • 956
  • UPD: 10:33, 01.08.2017

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті жылына 600-ден астам металлург маманын дайындап шығарады.

Олардың 92%-ы жұмыспен қамтылады. Оған қоса жас мамандар металлургиялық өндірісте жүріп, ғылыми зерттеу жұмыстарымен де айналысады.

Айта кетейік, аталған университет «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында білікті мамандар дайындайтын он үздік жоғары оқу орнының қатарына кіреді. Бұл «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында айтылған ірі кәсіпорындарға маман дайындауға бағытталған нақты жоба болып отыр.

Ардақ Достаева металлург мамандығын таңдаған. Қазір университеттің магистранты. Түрлі ғылыми зерттеулермен айналысады. Аймақтағы ірі өндіріс ошағында металлург болып жұмыс істегісі келеді. Ал университет бұл бағытта өз түлектеріне барынша мүмкіндік жасап отыр.

Ардақ Достаева, ҚарМТУ түлегі:

- Еліме бір үлесімді қосу үшін осы мамандықты таңдадым. Металлург мамандығының тағы бір ерекшелігі кәсіпорындармен тікелей байланысы бар екенін білдім. Яғни кез келген студент мамандықты оқу барысында тек теория жағынан емес, практика жағынан да өнеркәсіпке барып, өзінің болашақ жұмыс істейтін орнын көре алады.

Техникалық университет жылына 600-ден астам металлург маманын дайындайды. Бұл оқу орнымен еліміздегі 46 кәсіпорын тығыз байланыс орнатқан. Тіпті студенттердің дипломдық жұмыстары кәсіпорын басшылары жиі көтеретін өндіріс саласындағы мәселелерге арналған.

Аристотель Исағұлов, ҚарМТУ проректоры:

- Түлектер металлург мамандығы бойынша 92% жұмыспен қамтылады. Зерттеу жұмыстарын бізде 5 филиал бар, осы өнеркәсіптерде студенттерге білім беріледі. Шеберлер жаңа жабдықтармен, құрылғылармен қалай жұмыс істеу керектігімен таныстырады, келешекте жұмысқа алады.

Жұмыс берушілер үздік болашақ металлургтарды студент кезінен таңдап алады. Ал кейбір ірі кәсіпорындар дарынды студенттерге арнайы стипендия тағайындайды. Бүгінде 64 металлург-магистрант диссертациясын қорғап, аймақтағы өндіріс орындарында жұмысын жалғастырмақ.

Ақпарат көзі: Айнұр Абдиева, Сайлай Игликов, Аслан Демесбаев

Хабар 24 телеарнасы