430,69 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында сұранысқа ие мамандарды даярлап жатыр

  • 1022
  • UPD: 14:02, 18.09.2017

«Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы Павлодар облысында жемісті жүзеге асырылып жатыр. Мәселен, Павлодар ауданының тұрғындары жаңа кәсіпті игеру үшін қайта партаға отырды.

Осылайша, аудандық еңбекпен қамту бөлімі жоғары сұранысқа ие мамандар дайындамақ. Оқу жүйесі 3 бағыт бойынша жүзеге асады. Кәсіби білім, жаппай кәсіпкерлікке баулу және қайта даярлау. Олардың ішінде ең өзектісі мамандарды қайта даярлау. Өткен сегіз айда 45 адам оқытылыпты. Дәнекерлеуші механизатор, тігіншілік кәсіпке ие болғандар жұмысқа орналасқан. Келесі кезекте балабақша тәрбиешілері мен медбикелерді оқыту жоспарланған.

Қазбек Жетпісов, аудандық еңбекпен қамту бөлімінің директоры:

– Біз мектепке дейінгі мекемелерге тәрбиешілер даярламақпыз. Сонымен қатар медбикелердің кәсіби біліктілігін көтеруге атсалысамыз. Ауданда медициналық білім алып, белгілі бір жағдайлармен жұмыс істемеген адамдар бар. Біліктілігін көтеру үшін олар қалтасынан ақша шығаруға тура келеді. Ал біздің бағдарлама бойынша тегін оқып, 17 мың теңге шәкіртақы алады. Жол шығыны мен тамағы да өтеледі.

Хабар 24 телеарнасы