379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандықтардың 82 пайызы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын қолдайды

  • 988
  • UPD: 15:24, 24.11.2017

Бұл туралы Елбасы мақаласы аясында жүргізілген зерттеу нәтижесінде белгілі болды.

Еуразиялық интеграция институты мамыр мен қазан айы аралығында екі мәрте сауалнама жүргізді. Шараға 4 мыңға жуық азамат атсалысты. Қатысушылардың 89 пайызы мемлекет саясатына қолдау білдірген. Әсіресе халықтар достығын нығайтып, ұлттар мен ұлыстарды ұйыстырып отырған Елбасына алғыс жаудырған.

Ал қатысушылардың 17 пайызы: «Рухани өзгеріс керек. Дегенмен әуелі әлеуметтік мәселелері шешілсе», – деп жауап берген.

Ғани Нығыметов, Еуразиялық интеграция институтының директоры:

- Мұның бәрі – кешенді мәселе. Сол себепті мемлекеттік  органдарға халық сұрап жатқан сұрақтарға жауап беру керек. Рухани жаңғыру осыған қалай көмектеседі? Осы ақпараттарды мемлекеттік өңірлердегі құрылымдарға жеткізіп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы