387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ыстамбұлда «Сібірден Анадолыға дейін» атты фотокөрме ашылды

  • 532
  • UPD: 13:56, 14.03.2018

Ыстамбұлда «Топкапы» түркі дүниесінің мәдениет орталығында «Сібірден Анадолыға дейін» атты фотокөрме ашылды.

Онда белгілі тарихшы Сервет Самунжуоғлы мен Ахмет Ташағылдың Моңғолия, Орталық Азия елдері мен Түркияда жүргізген экспедицияларының нәтижесі таныстырылды. Көрмеде  адамзат тарихынан сыр шертетін Алматы облысындағы Таңбалы тас суреттері көпшілік назарына ұсынылды. Жиылған көпшілік тау-тастарға қашалған адамдар мен жануарлар бейнесі, соғыс көріністері, қола дәуіріндегі құрал-саймандар мен балбал тастарын көріп, таңданыс білдірді. Зерттеушілер бұл құнды фото жұмыстарын жинақтап, келешекте кітап етіп шығаруды жоспарлап отыр.

Ахмет Ташағыл, тарихшы: 

- Тасқа қашалған суреттер түркі халықтарының ортақ тарихынан сыр шертеді. Біз әдетте Қытай мұрағатынан табылған жазбаларды дереккөз ретінде пайдаланып келеміз. Ал негізі біздің асыл мұрамыз осы тастарға таңбаланған. Өйткені зерттеу жұмыстары көрсетіп тұрғандай түркілер мекен еткен жерлердің барлығында тас суреттері табылған. Бұл бағытта Қазақстанның белгілі археолог, тарихшыларымен әріптестік байланыс орнатып, ортақ жобаларды іске асырып келеміз.

Хабар 24 телеарнасы