371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Германия Жәния Әубәкірованың концертін тамашалады

  • 135
  • UPD: 15:08, 20.11.2018

Германияда Жания Әубәкірованың классикалық музыка концерттері өтті, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Неміс көрермендері белгілі музыканттың өнерін Берлин және Гамбург қалаларында тамашалаған. Әубәкірова шығармашылығының 30 жылдығына орайластырылған концертте жас дарындарымыз – скрипкашы Ержан Күлібаев пен аккордеоншы Роман Юсипей де өз өнерін көрсетті. Музыканттар ұлы классиктер: Шопен, Бах, сондай-ақ Альфред Шнитке мен Морис Равельдің шығармаларын орындады.

Еске сала кетсек, Жания Әубәкірова қазір еуропалық турнеде жүр. Оның концерттері Франция мен Австрияда өткен болатын, ал Германиядан кейін Жания Әубәкірова Польша астанасы Варшавада өз өнерін көрсетпек. 

Жания Әубәкірова, Қазақстанның халық әртісі:

- Үнемі жақсы қабылдайды. Өйткені қазақстандық музыканттардың халықаралық, әлемдік деңгейде өнер көрсететінін бұрыннан біледі. Бүгін жұртқа скрипкашымыз Ержан Күлібаевті таныстырғаныма ризамын. Келесі жылы Ержанмен бірге Жапонияға және Румынияға баруды көздеп отырмыз. Жалпы түрлі жоспарым бар, оның арасында Германияда үлкен концерт өткізу.

Осы категория бойынша: « Димаштың Лондондағы концерті Астана уақытымен нешеде басталады? Алматыда болашақ өнер адамдарын жаңаша оқыту мәселелері талқыланды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы