Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 144
371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚР Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті

  • 131
  • UPD: 23:05, 22.11.2018
ҚР Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында әдебиет пен өнер саласындағы үздіктер мемлекеттік сыйлықпен марапатталады. 

Бүгін осыған қатысты комиссияның отырысы өтті. Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова сыйлық берілетін шығармаларда Отанға деген сүйіспеншілік, мемлекетшілдік идеялары терең көрініс табуы тиіс екендігін атап өтті. Сондай-ақ бұл туындыларда ел тәуелсіздігі, мемлекетіміздің қалыптасуы мен даму кезеңдері, ұлттық тарих, қоғамдағы азаматтық-имандылық өлшемдер жоғары көркемдік деңгейде көрсетілуі шарт. Комиссия мүшелері Елбасының қарауына ұсынылатын еңбек авторларын жасырын дауыс беру арқылы анықтады. 

Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Мемлекеттік хатшысы:

- Әдебиет пен өнер саласындағы бұл жолғы мемлекеттік сыйлық еліміздің жүрегі, тәуелсіздіктің тірегі, Астананың 20 жылдығы аясында берілгелі отыр. Елбасы кеше ғана жарық көрген «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін деп атап өтті. Осы орайда халықтың ұлттық кодының бірегейлігін сақтауға тікелей атсалысатын зиялы қауымға зор жауапкершілік жүктеледі.

Осы категория бойынша: « Ақтауда алғаш рет М.Өскінбайұлы атындағы өнер байқауы өтіп жатыр «Шашу» телехикаясы «Хабар» арнасынан көрерменге жол тартады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы