383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда буктрейлер байқауының жеңімпаздары марапатталды

  • 191
  • UPD: 13:58, 21.06.2019
Қарағандыда буктрейлер байқауының жеңімпаздары марапатталды

Республикалық деңгейде алғаш рет ұйымдастырылған шығармашылық сынға еліміздің екі қаласы мен 10 облысынан 200 мұғалім қатысқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үздік еңбектің авторларына бұл күні сый-сияпат жасалды. Жалпы, буктрейлер дегеніміз – қандай да бір көркем әдебиеттің немесе ғылыми оқулықтың желісінде түсірілген 2-3 минуттық бейнеролик. Ұстаздар кітаптың ұтымды жерлерін, қызықты кейіпкерлерін таңдап алып, буктрейлерді мультфильм, бейнебаян, жарнамалық ролик түрінде жасаған. «Мақсатымыз – сандық технологияны пайдалана отырып оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру», – дейді ұйымдастырушылар. Енді байқауға қатысқан барлық еңбек жинақталып, буктрейлердің ортақ электронды базасы құрылмақ. Оған кез келген адамның кіріп, ақпарат алуына болады.

Мейрамгүл Жетпісбаева, мұғалімдердің біліктілігін арттыру институты директорының орынбасары:

– Ақпараттық технологиялардың дамыған заманында балалар да мұғалімнен әртүрлі ресурстарды қабылдағысы келеді. Осыған байланысты оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін жаңа цифрлық ресурстар қажет. Олардың бірі – буктрейлер. Буктрейлер арқылы баланың кітапқа деген қызығушылығын арттыруға болады.

Хабар 24 телеарнасы