422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында кинотеатрлардың жұмысына рұқсат берілді

  • 57
  • UPD: 14:12, 13.11.2020
Қарағанды облысында кинотеатрлардың жұмысына рұқсат берілді

Қарағанды облысында карантиндік шаралар тағы да жеңілдетілді. Енді өңірде кинотеатрлар жұмысына рұқсат бар.

Бұдан өзге осыдан бұрын карантинге жабылған Бұқар жырау ауданының Центральное елді мекеніне кіріп шығуға рұқсат берілді. Сондай-ақ көлік жөндеу орындарының жұмысын кешкі 10-ға дейін жалғастыруға мүмкіндік берілген. Кинотеатрларға келушілер алдын ала тіркелуі тиіс.

Еске салсақ, қазір облыс бойынша инфекциялық ауруханалар тек 4 процентке толған. Өңірде эпидемиологиялық ахуал әзірге тұрақты. 

Юрий Залыгин, облыстың бас санитар дәрігері:

- Эпидемиологиялық жағдай жақсарғандықтан кинотеатр қызметіне рұқсат берілді. Тек белгілі шектеулер бар. Сайтта 50 адам ғана тіркеле алады. Ал залдың сыйымдылығы 30% аспауы керек. Маска тағылып, көрермен шахматтық тәртіппен отырғызылады. Әлеуметтік арақашықтық міндетті түрде сақталуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы