384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда зиянкес жәндіктерге қарсы күреске 49 млн теңге бөлінді

  • 570
  • UPD: 07:58, 21.06.2017

Оралда шамадан тыс көбейіп кеткен шыбын-шіркей мен маса тұрғындарды әбден әбігерге салды. Биыл олармен күреске ел қазынасынан 49 миллион теңге бөлінді.

Бұл қаражат зиянкестердің дернәсілдерін жою мақсатында 600 гектар жерді улауға жұмсалған. Улаудың екінші кезеңінде де тағы осыншама аумаққа у себілмек. Шыбын-шіркейден әсіресе қала маңындағы ауылдар мен саяжай тұрғындары зардап шегіп отыр. «Зиянкестердің шамадан тыс көбеюіне көктем шыққалы жауған мол жаңбыр да себепші. Өйткені, ылғал жерлер олар үшін өте қолайлы. Сондықтан, келер жылы өңделетін алқаптардың көлемін ұлғайтып, улау шараларын авиацияның көмегімен жүргізу қажет»,- дейді сала мамандары. 

Наталья Сандрова, қала тұрғыны:

- Тіпті күндізгі уақытта да серуендеу мүмкін емес. Мына шыбын-шіркейге масасы қосылып әбден мазамызды алды. Сондықтан, үйден шықпауға тура келеді.    

Серікқали Қанапин, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының бөлім жетекшісі: 

- Екіншіден сырттан келіп жатқан маса көп даладан. Біз өйткені тек қана қала аумағын улаймыз  да, ал қаланың сыртына өзіңіз шығып көрсеңіздер маса көп. Сол себепті біздің істеп жатқан жұмыстарымызды күнделікті масаның келуімен жауып тұр. Сол себепті тиімділік бар, нәтиже бар, бірақ та сырттан келіп жатқан маса көп.

Хабар 24 телеарнасы