389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжілісмендер Елбасы есімін әуежайға беру туралы шешімді қолдайды

  • 485
  • UPD: 22:58, 21.06.2017

Мәжілісмендер Елбасы есімін Астана халықаралық әуежайына беру туралы шешімді қолдайды.

Депутаттар мұндай бастама халықаралық тәжірибеде бар екендігіне мән берді. Мәселен, әлемнің 30-дан астам еліндегі әуежайға Мемлекет басшыларының есімі берілген.

Нұртай Сабильянов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Елбасы Н.Назарбаев Қазақстанды өркендетуге орасан зор үлес қосып отыр. Тәуелсіздігімізді тұғырлы қылып, халықтың береке-бірлігін ойлап, әрқашан да осы мемлекетті дамыған мемлекеттер қатарына қоссам деп атсалысып жүрген үлкен әлемдік деңгейдегі тұлға. Сондықтан осы шешімді барлықтарымыз қолдаймыз.

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Еліміздің 25 жылдығының тәуелсіздік декларациясын қабылдаған кезде бірталай Мәжіліс, Сенат депутаттары еліміздің ең көрнекті нысандарына Елбасымыздың атын беру туралы тілек айтқан болатын. Бүгін, міне, сол тілектер іске асырылды. Мен барша қазақстандықтарды құттықтап отырмын.

Хабар 24 телеарнасы