384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада XXIIV дүниежүзілік кардиохирургтар қауымдастығының конгресі өтіп жатыр

  • 532
  • UPD: 15:29, 01.09.2017

Қазақстанға жыл сайын шетелден мың жарым адам келіп емделеді. Бұл медициналық туризмнің дамып келе жатқандығын байқатады. Көрсеткіш жыл санап өсіп келеді.

Бұл туралы 27-ші дүниежүзілік кардиоваскулярлық және торакалдық хирургтар қауымдастығының конгресінде айтылды. Басқосуға 1 мың 500-ден астам дәрігер қатысып жатыр. Оның 1 мың 200-ге жуығы – шетелдік мамандар. Олар үш күн бойы іс тәжірибе алмасады. Шеберлік сағаттарын өткізіп, операцияға қатысады.

Жүрек ауруы – әлем бойынша бірінші орында. Қазақстандағы көрсеткіш те осындай. Елімізде 5 жыл ішінде жүрекке 56 трансплантация жасалды. Медицина қызметкерлері бірінші кезекте жүрек қан тамыр ауруларының алдын алуға назар аудару керектігін айтады.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

–Жиі кездесетін ауру болғандықтан, операцияға жеткізбей, алдын алу шараларын енгізуіміз керек. Денсаулық сақтау министрлігінде арнайы кардиоауруларды меңгеру бағдарламасын енгізіп жатырмыз. Диспансерлік тіркеуде тұрған науқастармен тікелей жұмыс істейміз. Сол жоба бойынша стационарға түсетін аурулар саны 65 пайызға азайды.

Уалтер Дембицкий, кардиохирург, профессор /АҚШ/:

– Өз басым Қазақстанға осымен үшінші мәрте келіп тұрмын. Алғаш рет 2011-жылы, содан 2014-жылы, міне биыл да Астанаға жол түсті. Әр сапарымда Қазақстан медицинасының қарыштап дамып келе жатқанына куә боламын. Заманауи технологиядан қалыс қалу атымен жоқ. Әлемдік медицинаның деңгейімен бірдей. Мамандар да білікті. Мемлекет басшысы халықтың денсаулығын жақсартуға, адам өмірін ұзартуға баса мән береді. Соның бір айғағы дүниежүзілік конгрестің қазақ жерінде өтіп жатқандығы дер едім. 

Хабар 24 телеарнасы