384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада «Дешті Қыпшақтың ортағасырлық тарихы» атты І халықаралық конференция өтеді

  • 755
  • UPD: 20:43, 06.09.2017

Кәрі құрлық мұрағаттарынан қазақ тарихынан сыр шертетін оннан астам көне картаның табылғаны белгілі.

Еуропа музейлерінде сақтаулы түпнұсқалар XIV-XVIII ғасырларда сызылған. Бұл туралы бұрынырақ «Хабар 24» телеарнасының «Бабалар ізімен» жобасында да айтылған еді. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында белгілі жиһанкез Сапар Ысқақов бір жарым ай бұрын батысқа бастап барған экспедициясы туралы толығырақ мағлұмат берді. Астанадан Парижге дейін 20 мың шақырымның басым бөлігін көлікпен жүріп өткен саяхатшының айтуынша, 3 айға жалғасқан экспедиция Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласымен толық астасып тұр. Алдағы уақытта Таяу Шығыс пен Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне, оның ішінде Жапонияның Окинава аралына да бару жоспарда бар. «Бабалар ізі ол жаққа да жеткен», – дейді Сапар Ысқақов.

Айта кетейік, 13-14 қыркүйекте 13 ел ғалымдарының қатысуымен «Дешті Қыпшақтың ортағасырлық тарихы» атты І халықаралық конференция өтеді.

Сапар Ысқақов, қоғам қайраткері, жиһанкез:

Экспедиция құрамында «Хабар 24» телеарнасының операторы мен журналисі барды, сосын жолдастарым тағысын тағы. 

Хабар 24 телеарнасы