384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-ға қарасты Абай ауданындағы өнер мектебі жөндеуден өтті

  • 587
  • UPD: 11:43, 31.10.2017

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданындағы өнер мектебінің ашылғанына биыл 25 жыл толды.

Осыған орай білім ошағы жөндеуден өтті. Ол үшін аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, жас өрендерге қажетті құрал-жабдықтар, бейнебақылау камералары сатып алынып, абаттандыру жұмыстары атқарылды. Бүгінде өнер мектебінде 140 оқушы сабақтан тыс уақытында бейнелеу, мүсін, ұлттық қолөнер бұйымдарын жасау үйірмелеріне қатысып жүр. Олардың арасында республикалық, тіпті халықаралық байқаудан олжалы оралған жеңімпаздар да бар.

Нұргүл Тұрысбекова, Абай аудандық өнер мектебінің директоры:

- 25 жылдыққа байланысты көрме залын ашқалы жатырмыз. Соған біз тоқсан сайын көрме өткізсек деп жоспарлап отырмыз. Бұл мектеп көлемінде ғана емес, Абай ауданына келетін қонақтар да көрсе және жалпы ауылдардағы мектептердің оқушылары да экскурсия жасаса, ауыл тұрғындары келіп көрсе, біздің мұғалімдердің өнерін тамашаласа, сондай жоспарымыз бар. Әлі де жақсы биіктерден көрінеміз деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы