386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Facebook-те онлайн танысу қызметі іске қосылады

  • 688
  • UPD: 12:05, 02.05.2018
Facebook-те онлайн танысу қызметі іске қосылады life.ru

Енді Facebook әлеуметтік желісінде адамдар бір-бірімен танысу мүмкіндігіне ие болады.

Бұл туралы компанияның негізін қалаушы Марк Цукерберг мәлімдеді. Және желінің бас маманы Крис Коктың айтуынша, танысу қызметі бірнеше айдан кейін іске қосылады.

«Facebook-та 200 миллион адам өздерін жалғыз екендіктерін білдіреді, сондықтан бұл қызмет керек деп ойлаймын. Жаңа функция нақты және ұзақ қарым-қатынастарды қалыптастыруға көмектеседі», - деп Цукербергтің сөзін Reuters келтіреді.

Facebook-тің басшысы бұл қызметтің ұзақ мерзімді қарым-қатынастарға бағытталғанын атап өтіп, дегенмен танысу үстіндегі адамдар бір-бірінің профилін көре алмайтынын айта кетті.

Ақпарат көзі: life.ru

Хабар 24 телеарнасы