387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Е.Сағадиев 15 мамырда ата-аналарды жұмыстан ертерек босатуды сұрады

  • 993
  • UPD: 15:00, 11.05.2018

Мамырдың он бесінде еліміздегі мектептерде ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы өтеді.

Мұндай кеңесті ұйымдастыру былтыр басталған еді. Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев жұмыс берушілер тарапынан тап сол мәжіліс күні оқушылардың ата-аналарын жұмыстан ертерек босатуды сұрады. Брифингте белгілі болғандай, талапкерлер биыл ұлттық бірыңғай тестілеуді ағылшын тілінде де тапсыра алады. Мұнымен қатар министр студенттерге салынатын жатақханалардың құрылысы биыл басталатынын атап өтті.

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ңылым министрі:

– Бүгінгі күні жатақхана салу үшін жер телімдері белгіленді. Ол шамамен 65 мың орынға шақталып отыр. Студенттер үйін белгіленген мерзімінен бұрын пайдалануға береміз деп отырмыз. Құрылыстың жоспары дайын. Енді қаржылық мәселені реттеп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы