389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан 2021 жылы алғаш рет бүкіләлемдік этноспорт ойындарын өткізуі мүмкін

  • 530
  • UPD: 09:04, 02.06.2018
Қазақстан 2021 жылы алғаш рет бүкіләлемдік этноспорт ойындарын өткізуі мүмкін

2021 жылы алғаш рет бүкіләлемдік этноспорт ойындары өтеді.

Оны ЮНЕСКО-ның Дәстүрлі спорттар мен ойындар комитеті жүзеге асырады. Құзырлы мекеме шараны өткізуге мүдделі көптеген елдің арасынан бірінші болып, Қазақстанның үміткерлік ниетін қабылдап, өзара түсіністік жөніндегі үшжақты меморандумға қол қойды. Маңызды құжат ЮНЕСКО мен еліміздің Мәдениет және спорт министрлігі және де Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы арасында мақұлданды. Жаһандық жарысты өткізуге Америка, Канада, Түркия және Оңтүстік Корея сыңды елдер де ниет білдіріп отыр. ЮНЕСКО-ның Дәстүрлі спорттар мен ойындар комитетінің үйлестірушісі, бүкіләлемдік ойындарды өткізуге Қазақстанның барлық мүмкіндігі бар, екенін айтады.

Марселлин Дэлли, ЮНЕСКО-ның Дәстүрлі спорттар мен ойындар комитетінің үйлестірушісі:

– Менің пікірімше, Қазақстан қазірдің өзінде жеңіске жетіп отыр. Себебі бүгін көз алдарыңызда үшжақты меморандумға қол қойылды. Бұл алғашқы қадамдардың бірі деп айтуға негіз бар. Бұған дейін де Қазақстан мен ЮНЕСКО арасында қарым-қатынас болған. Бүгінгі кездесу сол байланысты одан ары дамытты. Алдағы уақытта шараның өту барысын жан-жақты талқыламақпыз.

Меймандардың Қазақстанға ат басын бұруының басты себебі –бүгін-ертең Астанада өтетін «Теңге алу» мен «Аударыспақ» ұлттық ойындарының Азия чемпионатын тамашалау. Олар ұлттық спорт жарыстарын ұйымдастыру мен насихаттау деңгейін байқап көрмек.

Хабар 24 телеарнасы