366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Оңтүстік» АЭА СЭЗ-2018 халықаралық рейтингіне енді

  • 95
  • UPD: 23:39, 10.10.2018
«Оңтүстік» АЭА СЭЗ-2018 халықаралық рейтингіне енді

Шымкентте орналасқан «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы fDi Intelligence сараптамалық орталығы жыл сайын түзетін «Еркін экономикалық аймақтар-2018» жаһандық рейтингіне енді, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.

Арнайы экономикалық аймақ бірден бес номинация бойынша жеңімпаз атанып, «Редактор таңдауы» – «Зор келешек» деп аталатын арнайы марапатты жеңіп алды. Бұл туралы мекеменің Instagram-дағы парақшасында хабарланған. Жыл сайын әлемнің 50-ге жуық аймағының жұмысын бағалайтын рейтингті құрастырушылар «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының Қытайдан инвестиция тартудағы жетістіктерін атап айтты. Биылғы жылы олар 140 миллион доллар инвестиция тартқан екен.   

Хабар 24 телеарнасы