366.86 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Зороастризм діні туралы не білеміз?

  • 134
  • UPD: 11:42, 11.10.2018

Астанада өтіп жатқан әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары құрылтайына әлемнің 42 елінен 80-нен астам делегация қатысып жатқаны белгілі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың қатарында ислам, христиан, буддизм мен индуизм сынды кең таралған діндерден бөлек, зороастризм дінінің өкілдері де бар. Бұл – ең көне діннің бірі.

Хоми Буржор Дхалла – елордаға осымен төртінші рет келіп отыр. Көптеген жыл бойы Мумбайдағы зороастризм дінін оқытып, зерттеген өкіл, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары сьезінің тұрақты делегаты. Одан бөлек, халықаралық деңгейдегі 38 конференцияға қатысушы. Бүгінгі съезге Хоми Дхалла зороастризм дінінің басты өкілі ретінде Үндістан мемлекетінің атынан қатысып отыр.

Хоми Буржор Дхалла, Заратуштра мәдениет мұрасы Әлемдік кеңесінің президенті

– Біз бұл жиынға қай діннің жақсы екенін талқылау үшін жиналмадық. Съезге қатысушылар бір дінді ұстануға шақырмайды. Олар өзекті мәселелердің шешімін іздеп, серіктестік орнатудың жолдарын қарастырады. Мына заманда барлық дін өкілдері бірігіп, әлемді адамдар үшін бейбіт ету жолында талмай еңбектенуіміз қажет.

Зороастризм – жер бетіндегі ең көне діндердің бірі. Алғаш рет Иран мен Ауғанстан жерінде пайда болған. Бұл діндегілер ынтымақтастық пен достық қарым-қатынасты ұстанып, жамандықпен күресуді алға тартады.

Хоми Буржор Дхалла, Заратуштра мәдениет мұрасы Әлемдік кеңесінің президенті:

– Зороастризм дінін ұстанушылар ортасында от қойылған арнайы ғибадатханада құлшылық етеді. Көбісі бізді отқа табынады деп ойлады. Дегенмен бұл дұрыс емес. Дін зерттеушілерінің айтуынша, жарық – құдайдың бейнесі. Сол себепті құдайға құлшылық қылған кезде оған ұқсас жарыққа қараймыз.

Бүгінде бұл дінді ұстанушылардың ең көп шоғырланған аймағы Үндістанда орналасқан. Бірақ жалпы саны 6-7мыңнан аспайды. Дегенмен бұл дін өкілдері халықаралық конференцияға қатысып, маңызды мәселелерді шешуге өз үлесін қосып жүр.

Авторы: Жансұлу, Дүйсенәлі

Хабар 24 телеарнасы