389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы тұрғындарының «7-20-25» бағдарламасына қатысу белсенділігі жоғары

  • 707
  • UPD: 08:43, 10.01.2019

«7-20-25» бағдарламасы арқылы баспана алғысы келетіндер саны бойынша Алматы қаласы екінші орында,  деп хабарлайды «Хабар 24».

«Баспана» ипотекалық компаниясының мәліметіне сүйенсек, бүгінге дейін жалпы сомасы 12,5 миллиард теңге болатын мыңға жуық өтініш мақұлданған. «Алматы тұрғындарының бағдарламаға қатысу белсенділігі жоғары», - дейді сарапшылар. Себебі мегаполисте құрылыс қарқынды жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ тұрғындардың төлем қабілеті де талапқа сай келеді.

Айта кеткен жөн, баспаналы болуға ниет білдергендердің арасында банк тарапынан қолдау таппайтын жағдайлар да кездеседі.

Айбар Олжай, «Баспана» АҚ ипотекалық ұйымы сыртқы байланыстар қызметі жетекшісінің орынбасары:

- Көбісінің атында үй болып қалады, немесе ортақ некедегі меншіктері болып қалады, сонымен бірге тұрақты табысы жетпей қалады. Қабылдамау себебінің бірі – адамдардың шектен тыс кредит алуында. Несие тарихтары бүлінген адамдар көп кездеседі. Мұның бәрін банктер тәуекел ретінде қарастырады.

Биыл Алматының Алатау, Медеу, Наурызбай аудандарында салынып жатқан тұрғын үйлер «7-20-25» бағдарламасы бойынша пайдалануға беріледі. Ең бастысы - сатып алынатын үйдің бағасы 25 миллионнан аспауы қажеті.

Айта кеткен жөн, алдағы уақытта «Баспана» ипотекалық компаниясы тұрғын үй нарығы туралы ақпараттық порталды іске қоспақ. Онда қолжетімді тұрғын үй сатып алу туралы барлық мәліметтер жинақталады.

Айбар Олжай, «Баспана» АҚ ипоткеалық ұйымы сыртқы байланыстар қызметі жетекшісінің орынбасары:

- Азаматтарға қазір қай жерде үй салынды, оны қандай бағамен сатып алуға болады, сол жөнінде айту үшін ақпараттық портал әзірлеудеміз. Екі жаққа да тиімді ақпарат бір жерден, олар да өз пәтерлерін беріп отырады, халық өзіне қандай пәтер керек, сол жерден қарап, фотоларына қарап, таңдап, қоңырау шалып, алып отырады.

Хабар 24 телеарнасы