379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетауда «Наурыз базарлық» жәрмеңкесі өтті

  • 200
Көкшетауда «Наурыз базарлық» жәрмеңкесі өтті

Көкшетауда мереке қарсаңында «Наурыз базарлық» атты жәрмеңке өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәлік Ғабдуллин музейінің ұжымы ұйымдастырған шара орталық базарға келген халықты бір серпілтіп тастады. Себебі тұрғындар ұлттық нақыштағы сый-сияпаттарды арзан бағаға сатып алумен қатар, бауырсақтан ауыз тиіп, тегін концерт тамашалады. Одан бөлек, халық арасында да ән-күй сайысы өткізіліп, жеңімпаздарға домбыра, киіз үй бейнесіндегі кәдесыйлар тарту етілді. «Ал басты мақсат – Наурыз мерекесін барынша насихаттау», – дейді ұйымдастырушылар. Айта кетейік, осы күні қаладағы көп балалы отбасыларға базарлық таратылды.

Аягөз Махметова, М.Ғабдуллин музейінің аға ғылыми қызметкері:

– Басты мақсат – жастарға, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Наурыздың ұлттық мейрам екенін көпшілікке таныстыру. Жалпы Наурыз мерекесінде киіз үй, қазақша киіммен ғана шектеліп қаламыз. Бұл жасырын емес.

Саламат Жәуел, қала тұрғыны:

– Наурыз мерекесі құтты болсын. Базар алдына келіп, балалардың жүргізіп жатқан іс-шарасына қатыстым. Киіз үйді сатып алып, үйде немерелеріме таныстыратын боламын.

Хабар 24 телеарнасы