378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бішкекте Шыңғыс Айматовтың құрметіне стела орнатылды

  • 112
Бішкекте Шыңғыс Айматовтың құрметіне стела орнатылды

Әлемге әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматовтың құрметіне Бішкекте стела орнатылды.

Алғашында осы ескерткішті Ресей қалаларының бірінде тұрғызу көзделген еді. Алайда Қырғызстанның қоғам қайраткерлері туған жерінде тұрғаны орынды деп, ресейлік мүсіншілерді көндірген. Стела авторы – қырғыз суретшісі Алмаз Кожогулов. Ал барельефті Орал мүсіншілері қауымдастығының қолдауымен Ресейде қоладан құйып шығарған. Еңбегі үшін ақы алмай, Қырғызстан астанасына сыйға тартты. Ескерткіш Шыңғыс Айтматов атындағы драма театры алдына орнатылды. 

Иван Дубровин, Орал мүсіншілері қауымдастығының президенті:

– Стела мәңгі тозбайтын материалдардан жасалған. Тас – ақшыл мансуров граниты, ғасырлар бойы тұрады. Ал барельефтің өзі ОЦС 5-6-5 қоласынан құйылған

Хабар 24 телеарнасы