387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде аймақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамы 40% жаңартылған

  • 639
  • UPD: 21:32, 16.05.2019
Елімізде аймақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамы 40% жаңартылған

Қазақстанда аймақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамы 40 процентке жаңартылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни он адамның төртеуі мұндай саяси науқанға бұрын-соңды қатыспаған. Сондықтан орталық сайлау комиссиясы оқыту курстарын өткізуге маңыз беріп отыр. Алғаш сондай семинардың бірі Қостанайда өтті. Онда кезектен тыс президент сайлауына дайындық, оны өткізу кезеңіндегі жұмыстар жайлы сөз болды. Сондай-ақ комиссия мүшелерінің міндеттері мен құқықтары туралы жан-жақты түсінік берілді. Ең бастысы еліміздің сайлау туралы заңына енгізілген өзгерістерге аса мән беру қажеттігі айтылды. 

Константин Петров, ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:

– Заң аясында қалай болу керек, оның бәрін көрсетіп, алдын ала дайындаламыз. Бәрін жеткізуге тырысамыз. Оқыту курсы кезең-кезеңмен өткізіледі. Бүгінгі семинарға қатысушылар одан кейін учаскелік комиссия мүшелерімен кездеседі. Осы әдіспен біз сайлауды ұйымдастырушылардың барлығын оқытып шығамыз.

Хабар 24 телеарнасы