378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркі елдерінің сауда-өнеркәсіп палатасы құрылды

  • 49
  • UPD: 13:52, 17.05.2019

Астана экономикалық форумы аясында Түркі елдерінің сауда-өнеркәсіп палатасының Жарғысына қол қойылды.

Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин, Әзірбайжан, Қырғызтан елдері сауда палаталарының өкілдері қатысты. Бүгінгі таңда түркі мемлекеттерінің нарығы 1 трлн доллардан асады. Ал бауырлас елдер 250 млн доллардың өнімін экспорттайды. Жаңа іскерлік орталықтың мақсаты сол - бұл көрсеткішті арттыру, мемлекеттер арасындағы экономикалық байланысты нығайту. Сонымен қатар, Қытай, Ресей және Үндістан сияқты алып нарықтарға шығуға көмек көрсетіп, бірегей жұмыс жүйесін құру. Палатаның штаб-пәтері Түркияның Стамбул қаласында орналаспақ. Әзірге халықаралық ұйымға Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Түркменстан және Өзбекстан елдері мүше.

Нұралы Бөкейханов, Қазақстанның сыртқы сауда палатасы басқарма төрағасының орынбасары:

- Бірінші, бұл өндірістік кооперация құру  мемлекеттерінің арасында және өндірістік кооперациямен біздің, мысалы, кейбір саладағы кәсіпкерлерді қосып,  дайын өнім шығаратындай жоспарымыз бар. Ол мына Түрік мемлекеттерінің кәсіпкерлерінің қосылып, Қытай, Ресей және Индия сияқты үлкен нарықтарға шығу. Құрылып жатқан ұйым кәсіпкерлерге көмек көрсетеді, Түркі елдерінің заңнамасы бойынша, салығы бойынша және мүмкіншіліктері бойынша.

 Рифат Хисарджыклыоглу, Түркия Республикасы сауда палаталары және тауар биржалары одағының президенті:

- Түркияның палаталары мен биржаларының одағы әлем елдері арасында үздіктердің қатарында. Ал құрылыс секторы әлем бойынша екінші орында. Отандық кәсіпкерлер 109 елде жұмыс істейді. Саладағы сауда айналымы 350 млн долларды құрайды. Біз осы және өзге бағыттардағы озық тәжірибемізбен Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Әзербайжанмен бөлісіп, ортақ экономикалық мәселелеріміздің шешкіміз келеді.

Хабар 24 телеарнасы