378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында сайлау комиссияларының төрағаларына арнайы семинар өткізілді

  • 139
  • UPD: 22:20, 24.05.2019

Қарағанды облысында президент сайлауына мыңнан аса шетелдік байқаушы келеді.

Облыс орталығында аймақтық сайлау комиссияларының төрағалары арнайы семинарға қатысты. Жалпы өңірде 800 ден астам сайлау комиссиясы бар. Қазір дауыс берушілердің тізімі нақтыланып жатыр. Әзірге  900 мың қарағандылық дауыс береді деген болжам бар. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беруіне барынша жағдай жасалады.

Ерқара Аймағамбетов, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Бұл бұрышта жазу үстелі, компьютер, құлаққап және көзі көрмейтіндерге арналған жадынамалар аудиоформатта болады. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың бюллетеньді өз еркімен толтыруға мүмкіндік беретін трафарет, лупа, есту қабілеті төмен дауыс берушілерге қолжетімді жаднамалар мен арнайы керме ұйымдастырылады.

Хабар 24 телеарнасы