380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында 7 мыңға жуық жас жұмыссыздар тізімінде тұр

  • 100
  • UPD: 23:43, 02.06.2019
Жамбыл облысында 7 мыңға жуық жас жұмыссыздар тізімінде тұр

Жамбыл облысында 7 мыңға жуық жас жұмыссыздар тізімінде. Тағы 19 мыңы арнаулы және жоғары білім алмаған.

Олардың басым көпшілігі ауылда тұрады. Жастар кәсіпкерлігін дамыту бағытындағы жұмыстар да мәз емес. Биыл «Бизнестің жол картасы – 2020», «Еңбек» сияқты бірқатар мемлекеттік бағдарламалар бойынша республикалық және облыстық бюджеттен қайтарымсыз гранттар белгіленген. Тың бизнес-идеяларын жүзеге асыруға ниет білдірушілер де бар. Алайда аталған бағдарламалар аясында жыл басынан бері бірде-бір жоба жүзеге асырылмай отыр. Аймақта 2019-2020 жылдарға арналған өңірлік Жол картасы қабылданып, жастар саясатын жүзеге асыруға 900 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінді. Жыл соңына дейін 11 мың жасты жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту көзделіп отыр.

Фархат Әбдірәлиев, облыстық жастар саясаты мәселелері  басқармасының бөлім басшысы:

- Қаржы бөлінді. Қазіргі таңда 6-шы маусымға дейін жұжат жинақтау рәсімі жүргізілуде. Құжаттарды жинақтап болғаннан кейін бизнес жобаларын қорғап, содан кейін барып мемлекеттік гранттар беру жолға қойылатын болады. Қазіргі таңда құжат жинау рәсімі жүргізіліп жатыр облыс бойынша. + Әлі ешқандай жоба жүзеге асырылған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы