389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да дауыс нәтижелері есептеліп жатыр

  • 206
  • UPD: 01:41, 10.06.2019

Солтүстік Қазақстандағы 663 учаскенің барлығы кешкі сағат 8-де жұмысын тоқтатты.

Мұнан кейін комиссия мүшелері бюллетень санауға кіріскен. Өңірде 402 мың 506 сайлаушы тіркелді. Олардың белсенділігі де жоғары. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, сайлау кезінде өңірде заңға қайшы жағдайлар тіркелмеген.

Гаухар Қошпанова, № 624 учаскелік сайлау комиссиясының хатшысы:

– Сайлаушылар сайлауға белсенді қатысты. Қазір сайлау бюллетеньдерін санау жүргізіп жатырмыз. Осы сайлау аяқталғаннан кейін қорытынды сан жинағын қалалық сайлау бөлімшесіне тапсыратын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы