389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетаудың полиция басқармасында азаматтарды қабылдау бөлімшесі ашылды

  • 330
Көкшетаудың полиция басқармасында азаматтарды қабылдау бөлімшесі ашылды

Фронт-кеңседе әкімшілік, көші-қон және жергілікті полиция қызметінің өкілдері отырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Келушілер бұл жерден ішкі істер органдарына қатысты барлық сұрақтарына жауап алып, қажет болса облыстық полиция департаменті басшысының қабылдауына да жазыла алады. Тұрғындар үшін мұнда барлық жағдай жасалған. Тегін wi-fi мен төлем терминалдары бар. Жалпы мұндай бөлімше бұған дейін облыстық полиция департаментінің жанынан да ашылған болатын. Енді фронт-кеңселер биыл барлық қалалық және аудандық құрылымдарда пайда болмақ.

Жанатбек Ешімов, қалалық полиция басқармасының басшысы:

– Бұрын азаматтар бәрі кезекші бөлімге келетін. Кезекші бөлімде сұрақтарына дер кезінде жауап ала алмайтын. Міне, соның бәрін жою үшін қазір осы азаматтарға жағдай жасап жатырмыз. Сонымен бірге бізде азаматтардан түсініктеме алу үшін бөлек жасалған бөлімдер бар. Бұл бөлімдердің жанында тағы прокурордың кабинеті бар.

Хабар 24 телеарнасы