384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сыр өңірінде әлеуметтік карта әзірленді

  • 70
  • UPD: 08:07, 18.06.2019
Сыр өңірінде әлеуметтік карта әзірленді

Қызылорда облысында аз қамтылған отбасылардың балалары қоғамдық көлікте тегін жүреді.

Сондай-ақ оларды мектепте ақысыз ыстық тамақпен қамту мәселесі шешімін таппақ. Бұл туралы Nur Otan партиясының Қызылорда облыстық филиалы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында айтылды. Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру жайы талқыланған жиында әлеуметтік салаға баса мән берілді. Тұрғын үй және әлеуметтік төлемдерге қатысты жыл басынан бері аймақ тұрғындарынан 28 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Бұл ретте 2019-21 жылдарға арналған өңірлік әлеуметтік картасы әзірленіп, оған 81 миллард теңге қаралып отыр. Ағымдағы жылы 700-ден астам көп балалы отбасы баспаналы болады. Сонымен қатар облыстағы барлық колледждердің студенттерін жатақханамен қамтудың тиімді тетіктері қолға алынады. Жалпы Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарына алдағы жылдары 219 миллиард теңге жұмсалмақ.   

Ибадулла Құттықожаев, Nur Otan партиясы облыстық филиалының саяси кеңес мүшесі:

- Елді қобалжытып жүрген мәселелерді жинақтай отырып, соның негізінде алға үлкен міндеттер қойылды. Бұл жоспар халыққа жақын болады. Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы өз жалғасын табады. Бұның ең басты мақсаты – әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қадам басу. Сыр өңірінің азаматтары да ел президенті алдымызға қойған мақсаттарды жүзеге асыруда өзінің ынтымақ-бірлігімен көрінеді деген ойдамыз.

Хабар 24 телеарнасы