384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда тұрғын үйлерді терможаңғырту қарқынды түрде жүріп жатыр

  • 157
  • UPD: 17:52, 08.07.2019

Статистикалық дерек көздеріне сүйенсек, еліміздегі көп қабатты тұрғын үйлердің үштен бірі күрделі жөндеуді қажет етеді.

Осы мақсатта «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы қабылданды. Соның бір бағыты тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласы бойынша жүзеге асырылатын термодернизациялық жобалар. Мәселен, Атырау облысында 8 жылда 123 көп қабатты тұрғын үйге жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 15 көп қабатты үйдің лифтілері жаңартылған. 

Терможаңғырту жұмыстарының бірінші кезеңі бойынша үйдің жертөлесіндегі  құбырларды, көпшілік кіріп шығатын есіктерді ауыстыру және шатыры мен жалпы өң беретін қасбеттері жасалды. Ал екінші кезең де тұрғындардың келісімі бойынша жекелеген пәтерлерге де жөндеу жүргізілуі мүмкін. Халықтың 70 пайызы қазір термомодернизациялық жобаларды қолдап отыр. 

Идайат Расулұлы, қала тұрғыны:

- Модернизация жасап жатыр. Бәрі риза. Енді сапасын біткеннен кейін тамыз айында бітеді сол кезде көршілер келіп көріп, қабылдап алады.    

Биыл төрт жүз пәтерлік төрт көп қабатты үйге жаңғырту жүргізіліп жатыр. Атап айту қажет құзырлы органдардан бөлек 2015 жылдан бері жұмыс сапасын бақылауға тұрғындарға да ерік берілді.

Қайырбек Тоқмұрзиев, мердігер мекеме өкілі:

- Сапасы бізде 2 жыл гарантия бар жұммыс біткенен кейін. Осы модернизация бағдарламасында 5 жыл болды жұмыс істеп жатырмын, ешкімнің өкпесі жоқ.  Бәрі дұрыс болып жатыр, мезгілінде бітіріп халық үшін бәрін  дұрыс жасаймыз.

Қаржы тұрғындардың әлеуметтік жағдайына сәйкес 10 жылға беріледі. Жағдайы төмен, жалғыз басты зейнеткерлерге өкіметтен жеңілдіктер қарастырылған. Ал әлі келетін топ өкілдері өздері төлейді. Биыл алғаш рет «қайтарымды қаржы» жүйесі жүзеге асырылып жатыр. 

Оралхан Талғатұлы, қалалық ТҮКШ терможаңғырту бөлімінің бас маманы:

- Шамамен алатын болсақ 6 подъездік үйлерге шамамен 45-50 млн қаржы қажет етеді. Ол 100 пәтерге шаққанда әр квадрат метріне 81 теңгеден  шаққанда пәтер басына 2,5-3,5 мың теңге шамасында келеді. 

Биыл терможаңғырту жобаларына 200 млн теңге бөлінді. Ал келер жылы 20 үйге жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Бұл үшін жұртшылық құжаттарын әзірлеп үлгеруі шарт. Ал жалпы облыс орталығында әлі 100-ге тарта көп қабатты тұрғын үй терможаңғыртуды қажет етеді.  

Авторлары: Бекен Әлирахым, Амантай Мәтенов, Жандос Рахметуллин

Хабар 24 телеарнасы