386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында шөптің бағасы шарықтар тұр

  • 133
  • UPD: 09:26, 26.07.2019

Биыл Қостанай облысында шөптің шығымы тым төмен. Көктегендерінің өзі аптап ыстықта сарғайып, күйіп кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сол себепті қазір шөптің бағасы шарықтап тұр. Кейбір аудандарда оның тоннасы 30 мың теңгеге дейін барады.

Аманкелді Мұхамдияровтың ірілі-ұсақты бес-алты бас малына қысқы азыққа кемінде 6-7 тонна шөп қажет. Жақында 1,5 тонна буылған шөп сатып алыпты. Оның әр данасы 650 тенгеге түскен. Және көлдің шөбі болғандықтан құнарлығы да шамалы.

Аманкелді Мұхамедиров, Заречный ауылының тұрғыны:

- Қанша аласың, мысалы бір малды ұстау үшін кемінде 3 тонна шөп  керек. Сонда өзіңіз де есептеңіз, қаншама мыңға түсетінін бір тонна шөптің. Ақтамайды, өзін өзі ақтай алмайды.

Бұл ауылда мемлекеттік бағдарламамен отбасылық ферма ашқандар аз емес. Қазір олардың барлығын, сол мал азығы мәселесі қинап отыр.

Аманкелді Мұхамедиров, Заречный ауылының тұрғыны:

- Қазірде мысалы жерде шөп жоқ, жейтін тамағы жоқ, ол мал, қандай мал. Қазір кім алады оны.

Заречный ауылының шет жағындағы аумақты халық арасында «шөп базары» дейді. Әдетте бұл жерде шөп тиелген көліктердің қарасы қалың болатын. Қазір бірен-саран ғана.

Иә, қуаңшылықтың салдарынан биыл шабындықта шөп селдір. Көк майсалы, көкорай шалғынды жерлері бар оңтүстік аудандарда гектарынан әрі кетсе 7-8 центнерден алынады. Ал басқа аумақтарда 1,5-3 центнердің шамасында. Облыс бойынша қазір қажетті шөп қорының жартысы ғана жиналған.

Нұрсұлтан Қабделов, Қостанай облыстық ауылшаруашылық басқармасының бас маманы:

- Бүгінгі күнге жаңағы айтқандай 52% ғана даярланған болса, былтырғы жыл осы күнге 93 % болған. Сол дайындау бойынша біршама шаралар қолға алынып жатыр. Шөпті тек шабындық жерлерден ғана емес, яғни мемлекеттік қор жерлерінен, өзен-көлдер маңынан шабу жұмыстары қарастырылып жатыр.

Ауылшараушылық басқармасындағылар қажетті «шөп қорын қалай да жинап аламыз» деп отыр. Ал бағасы қалай өзгерерін ешкім дәл басып айта алмайды.

Авторлары: Мағауия Қалиев. Сергей Трахтенберг

 

Хабар 24 телеарнасы