386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде цифрландыру бойынша 56 жоба іске аспақ

  • 90
  • UPD: 22:06, 15.08.2019

Қазақстанның цифрландыру бағдарламасында тың жобалар іске асады.

Оған «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры өз үлесін қосып жатыр. Қор трансформация және цифрландыру бағдарламаларын біріктіріп, жаңартылған нұсқасын жасады. Жоспар бойынша 56 жоба мен 98 шара іске асуы керек. Одан бөлек, қор компаниялардағы өндірістік процестерді жақсартуға бағытталған жобаларды іріктеп, тиімдісін таңдады. Нәтижесінде, биыл жобалардан түсетін таза табыс 40 млрд теңгеден асады деген болжам бар. Басшылық құрам модернизация бойынша кеңес өткізіп, алда атқарылатын істерді пысықтады. Кеңеске цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнекәсібі министрі Асқар Жұмағалиев қатысып, бірлескен жұмыстарды талқылады. 

Асқар Жұмағалиев, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

– «Самұрық-Қазына» қоры – Қазақстанның цифрландыру бағдарламасындағы негізгі қатысушылардың бірі. Қордың цифрландыру жөніндегі жобалары зор үміт күттіреді. Және ол жобалардың ел экономикасының дамуына мол үлес қосатынына сенімдімін.

Ахметжан Есімов, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы:

– Өткен жылы қорға қарасты қоржындық компаниялармен біраз пікірталас болды. Олар жобалардың артықшылығын айтып, нақты бюджет бекітуді өтінді. Біз олардан шынайы баға қойып, қайта есептеуді сұрадық. Нәтижесінде қазір есеп беріп отырған жобалар шынымен пайда әкеледі және бәсекеге қабілетті.

Хабар 24 телеарнасы