386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы әуежайында туристік полиция бекеті пайда болды

  • 56
Алматы әуежайында туристік полиция бекеті пайда болды inform.kz

Алматы әуежайында туристік полиция бекеті ашылды. Онда, бірнеше шет тілін меңгерген полиция қызметкерлері жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін, туристік полиция бекеттері мегаполистің көрнекті жерлерінде ашылған болатын. Атап айтсақ, «Астана» республика алаңы, «Медеу» спорт кешені, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің саябағы және Көктөбе саябағында.

«Ішкі істер органдарын реформалау, сондай-ақ, жол картасы мен туристік саланы дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында бірнеше ай бұрын ІІМ-де туристік полиция бөлімшесі құрылды. Мақсат – Қазақстанның халықаралық беделін және туристік тартымдылығын арттыру. Біздің департаменттің құрылымында көші-қон қызметінің негізінде туристік полиция құрылды. Бүгінгі таңда жаңа құрамда 20-дан астам адам бар. Бұл арнайы полиция қызметкерлері, олар кәсіби шеберліктері мен қызметтік дағдыларымен қатар бірнеше шет тілдерін меңгерген, атап айтқанда, ағылшын, француз, қытай және т.б. тілдерде сөйлейді. Білімдерін жетілдіру мақсатында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде туристік полиция офицерлері үшін қосымша курстар ұйымдастырылуда. Бөлім білікті кадрлармен толық қамтамасыз етілген», – деді Алматы ПД бастығының орынбасары Ізбасар Бектұров.

Сонымен қатар, Алматы халықаралық әуежайында полиция бекеті құрылды. Мегаполиске келген шетелдіктер полицияға қызметкерлерінің көмегіне жүгіне алады. Қажет болған жағдайда, анықтамалық сипаттағы ақпаратты береді.

Хабар 24 телеарнасы