387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде автобустар электрондық билет жүйесіне ауысады

  • 138
Семейде автобустар электрондық билет жүйесіне ауысады

Әзірше валидаторлар сынақ түрінде енгізілмек.

Оның пилоттық жобасы күзде іске қосылады. Болжам бойынша электрондық билеттер қалалық екі қоғамдық көлікте орнатылады. Жолаушылар жол ақысын арнайы картамен төлейді. Аталған бастама табыс көзін көлеңкелі айналымнан шығаруға және автобустағы нақты жолаушылар ағынын анықтауға мүмкіндік береді. Қазір мамандар инвесторлар іздестіріп жатыр.

Серікқали Жұманов, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:

– Сайып келгенде, қазір жүйені сынақтан өткізіп жатқан компаниямен келісімге отырамыз. Мақсатымыз – оны енгізу барысында мемлекет шығынына жол бермеу. Жеке инвестор өз қаражатын құйып, оны билет үшін төленетін ақшадан қайтарады. Өз кезегінде, жол ақысы қымбаттамайды.

Хабар 24 телеарнасы