389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейдегі спорт кешеніне Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілді

  • 255
  • UPD: 16:42, 19.09.2019
Семейдегі спорт кешеніне Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілді inform.kz

Семей қаласындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Семей қаласының ақпарат орталығына сілтеме жасап.

Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде өткен салтанатты шараға облыс әкімі Даниал Ахметов қатысты.

«Спорт кешеніне Жақсылық Үшкемпіровтың есімінің берілуі мені қуантады. Ол спортта аты аңызға айналған тұлға ғана емес, еңбектің шыңына шыққан қайраткер. Әрбір қазақстандық осындай болуы керек. Келесі жылдан бастап Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтың жүлдесіне арналған жарыс өткізуді жоспарлап отырмыз. Ол турнир жыл сайын балалар мен жастар арасында өткізіледі», - деді Даниал Ахметов.

 

Хабар 24 телеарнасы