384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскемендік полицейлер жұмыста кез келген оқыс оқиғаға дайын жүреді

  • 173
  • UPD: 22:06, 27.10.2019

Өскеменде жыл басынан бері патрульдік полиция қызметкерлері 600-ден астам қылмыстың бетін ашты. Осындай қарбаласта өмірлерін қатерге тігетін сәттер де жиі болады. Алайда олар үшін басты міндет - қоғамның қауіпсіздігін сақтау. Сондықтан кез келген экстремалды жағдайға дайын болуы керек. Тіпті кей уақытта зардап шеккен жанға алғашқы медициналық көмек көрсетсе, енді бірде адам жанын арашалау мақсатында психолог болуға да тура келеді.

Патрульдік полиция қызметкерлері үнемі алдыңғы сапта жүреді. Өйткені ел тыныштығын сақтау қашан да қырағылықты, сақтық пен ептілікті талап етеді. Кез-келген оқыс жағдайға дайын болу үшін түрлі оқу жаттығу шараларына қатысудың маңызы зор.

Медет Жағабаев, облыстық ПД басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы: 

- Полиция  қызмектерлері әр жақты болуы керек, тек қана хаттамалар толтыру емес,жан-жақты,машина жүргізу  керек, қаруды да дұрыс қолдану керек,физикалық жағынан мықты болуы керек.

Тәртіп сақшыларының физикалық дайындығы былай тұрсын психологиялық танымы сыналатын кездер де аз емес. Оны аға инспектор Азат Артамбаев жақсы біледі. Өйткені оған үстіне жанар май құйып, өз-өзін  өртеп жібермек болған жас жігіттің өмірін құтқаруға тура келген. Махаббат машақатынан мезі болған азаматты райынан қайтару үшін, Азат 40 минуттай әңгіме жүргізіп, оны сабырға шақырды.

Егер бензинге от тигізсе жағдай ушығуы мүмкін. Сол себепті патрульдік полицияның басты міндеті осы қадамға жол бермеу болды.

Азат Артамбаев, қалалық патрульдік полиция батальонінің аға инспекторы:

-Басында кішкене сөйлестік,сөзбен қарсылық көрсетіп, өзіне жақындатпады.Неге десеңіз қолында жанар май болды, бір жақ қолында  зажигалка борлды,,соған байланысты  жақындасақ  қауіп келтіре ме дедік.

Азат жігіттің баласы барын біліп, сол жайлы әңгімелесуге тырысқан. Тек осыдан соң ғана ол ыңғайға көніп, ойынан қайтқан. Жұртты дүрліктірген сол күнді үй тұрғындары әлі де ұмытқан жоқ.

Ильгис Зинатуллин,  қала тұрғыны:

- Осы жерде барлығы  жиналып,аласапыран болып кетті. Өрт сөндірушілер де, жедел жәрдем де дайын тұрды. Дегенмен барлығы жақсы  аяқталды. Полиция қызметкерлері   жедел әрі жинақы әрекет етті.

Осылайша бұл оқиға сәтімен аяқталды. Өлімге бас тіккен жас жігіт  те, тұрғындар да дін аман. «Біздің  тынымсыз еңбегіміздегі ең үлкен жеңіс те  осы»- дейді полиция қызметкерлері.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Аслан Төлепов

Хабар 24 телеарнасы