379,75 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанға көшіп келетін қандастардан сұралатын құжат саны қысқарды

  • 990
  • UPD: 11:30, 28.11.2019
Қазақстанға көшіп келетін қандастардан сұралатын құжат саны қысқарды

Қазақстанға көшетін қандастардан талап етілетін құжат саны 43-тен 20-ға дейін қысқартылады.

Бұл туралы елордада өтіп жатқан «Отандастар. Болашаққа бағдар» атты халықаралық дөңгелек үстелде ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министр әлемнің 43 елінде 5-6 миллион қазақ тұратынын атап өтті. Бұл – қазақ этносының үштен бір бөлігі.

«Біз шетелдегі қандастарды қолдаудың жаңа тетігін кешенді түрде пысықтап жатырмыз. Ол – халықаралық тәжірибеге негізделген механизм. Екіншіден, министрлік этникалық қазақтардың елімізге көшу рәсімін оңтайландыруға бағытталған жүйелі шаралар әзірлеу бойынша үлкен жұмыс жүргізді. Біз адамдардың «қандас» мәртебесін алуға өтішін беруінен бастап қазақстандық паспорт бергенге дейін барлық процесті талдап, келесі шараларды таңдадық: қандастардан сұралатын құжат санын 46-дан 20-ға дейін қысқартамыз», – деді ол.

Дәурен Абаев құжат рәсімдеу бойынша барлық қызмет тек бір жерден – ХҚО-да «бір терезе» қағидаты бойынша көрсетілетінін атап өтті.

«Бұл ретте алғашқы өтінішті Қазақстанға келмей-ақ біздің шетелдегі елшіліктердің консулдығына беруге болады. Қандастарға уақыт және қаражат жағынан тиімді болуы үшін осы мәселені ескердік. Оған қоса құжат рәсімдеу бойынша барлық қызмет көрсету мерзімі 6 айдан 3 айға дейін қысқарады», – деді ол.

Хабар 24 телеарнасы