425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да электр қуаты қымбаттамақ

  • 1118
  • UPD: 13:58, 24.12.2019
БҚО-да электр қуаты қымбаттамақ

Батыс Қазақстан облысында электр қуаты қымбаттауы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жуырда өткен қоғамдық тыңдауда осы мәселе талқыланды. Орал өңірі еліміздің энергожүйесінен оқшау жатқандықтан, монополист кәсіпорын қажетті қуат көзін газотурбиналық станциялардан 11 теңгеден алады, оған тасымалдаушы компанияның 5 теңгедей бағасы қосылады. Қуат жеткізуші компанияның 50 тиын тарифі тағы бар. Осының бәрін есептегенде, әр киловаттың өзіндік құны 17 теңгеге жуықтайды екен. Ал жеке тұлғалар электр қуатын қосымша құн салығын қоспағанда 10 теңге 30 тиыннан алып жүр. Арадағы айырмашылық заңды тұлғалар мен мемлекеттік мекемелердің есебінен өтелуде. Заңды тұлғалар бір киловатқа 18 теңге 48 тиын төлесе, мемлекеттік мекемелер 37 теңге төлейді. Айналып келгенде, қуат құны астыртын субсидияланып, қазынадан жабылуда дейді мамандар. Осыны болдырмау үшін бюджеттік ұйымдарға бағаны төмендетіп, тұрғындарға тарифті екі теңгеге көтеру ұсынылды.

Аманжол Алпысбаев, облыс әкімінің орынбасары:

– Күні бүгін өңірдегі мемлекеттік мекемелер 1 миллиард 400 млн теңге төлейді. Ал егер оларға электр қуатын 22 теңгеге түсірсек, 770 миллион үнемделеді. Бұл қаржыны біз қаланың өзекті мәселелеріне жұмсауды көздеп отырмыз. Тұрғындарға келсек, 109 мың абоненттің 74% айына 150 квт-қа да жетпейтін мөлшерде қуат тұтынады. Осыны екіге көбейткенде, 300 теңге ғана. Яғни баға қымбаттауы тұтынушыларға артық салмақ салмайды. Есесіне тарифті дифференциялау арқылы жасырын субсидиялауды тоқтатамыз.

Хабар 24 телеарнасы