412,55 452,40 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Туған жер» бағдарламасымен елімізде төрт мыңға жуық әлеуметтік нысан салынды

  • 473
  • UPD: 09:35, 10.01.2020
«Туған жер» бағдарламасымен елімізде төрт мыңға жуық әлеуметтік нысан салынды

«Туған жер» бағдарламасы бойынша елімізде 4 мыңға жуық әлеуметтік нысан салынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жерлестеріміздің арасында өз ауылдарына мектеп, аурухана, балабақша және спорттық залдар тарту еткендер көп. Бұл мақсатқа жұмсалған демеушілік қаржының жалпы көлемі 270 миллииард теңгеден асады. Елордада өткен арнайы кеңесте осындай мәлімет айтылды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 47 жаңа оқулықтың жарық көргенін де атап өткен жөн.

Серік Молдығалиев, «Рухани жангыру» орталығы жобаларының менеджері:

- «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бұнымен бітпейді. 2019 жылы 6 арнайы жоба ғана қолға алынған болатын. Оның ішінде «Туған жер», «100 жаңа есім», «Киелі Қазақстан» сияқты бағыттар бар. Ал, енді оған тағы 9 жаңа жоба қосылып отыр. Қазір оларды біртіндеп жүзеге асыруға кірістік.

Хабар 24 телеарнасы