423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда ауласындағы қарды тазаламағандарға айыппұл салынады

  • 407
  • UPD: 08:00, 01.02.2020
Қарағандыда ауласындағы қарды тазаламағандарға айыппұл салынады

Қарағандыда ауласын қардан аршымағандар енді айыппұл төлейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы полиция департаментінде өткен брифингте мәлім болды. Соңғы оншақты күнде толассыз жауған қар қала көшелерін басып қалған. Коммуналдық қызмет ақ ұлпаны аршып үлгере алмай жатыр. Сондықтан тәртіп сақшылары тұрғындарды ортақ іске жұмылуға үндеп отыр. Заңды тұлға, мейлі жеке тұлға болсын, ауласын тазартып отыруға міндетті. Бірінші тексерісте тәртіп сақшылары тек ескерту жасайды. Егер 10 күннің ішінде нәтиже шығармаса, айыппұл салады. Тек қаңтар айында ғана 2120 нысан тексеріліп, басым бөлігі ескерту алған. Тек 5 адам айыппұл арқалады. Бұл тазалық шарасы тек аулалар ғана емес, қалаішілік және күре жолдарға да қатысты. Осы күнге дейін жұмысты дұрыс атқармаған бірнеше жауапты тұлға әкімшілік жазаға тартылған.

Әлібек Мейрамов, әкімшілік полиция басқармасының басшысы:

– 153 рет жолдар тексерілді. Қорытындысы бойынша 117 ескерту берілді. Оның ішінде қажетті шаралар қолданбаған 34 жауапты тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылды. Жалпы сомасы – 1 миллион теңге.

Хабар 24 телеарнасы