432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Nur Otan мен Кәсіподақтар федерациясы жұмысшылардың мүддесін қорғайтын меморандум жасасты

  • 735
  • UPD: 22:49, 04.02.2020

Жұмысшылардың әлеуметтік және еңбек құқығын Nur Otan партиясы мен Rәсіподақтар федерациясы бірлесіп қорғайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тараптар өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Жалпы кәсіподақтар ұйымының ұсыныстарын партияның Парламенттегі фракциясы әркез қолдап отырады. Мысалы, кәсіподақ өкілдері «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасына 25 ұсыныс берсе, оның 14-і мақұлданған. Әлеуметтік еңбек саласында бірлесіп шешетін мәселе әлі де жеткілікті. Оның бастысы – еңбек дауларының алдын алу. Осы орайда татуластыру орталықтарында құқықтық кеңес беру қызметін ашу туралы уағдаластық жасалды. Былтыр кәсіподақ ұйымдары 1700 медиациялық рәсім өткізіп, 1500 еңбек дауын шешкен. 2019 жылы еңбек заңнамаларының бұзылуына қатысты 17 мыңнан астам шағым түскен екен. Оның 11 мыңы бойынша нақты көмек көрсетілген.

Ералы Тоғжанов, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы:

-Бас прокуратураның сонымен қатар еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің тікелей тексеруіне байланысты 1000-нан аса нақты тексеру жүргізілген болатын. Оның нәтижесінде 97 үлкен кәсіпорындарда жүргізілді. Бүгін соған байланысты миграция заңын бұзуға байланысты 400-ге жуық жағдай анықталған болатын. Оның бәрі қалыпқа келтіріледі. Әсіресе, жалақыға байланысты мәсекленің күн тәртібінде тұрғанын жақсы білеміз.

Бауыржан Байбек, Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

- Nur Otan партиясы қазақстандықтардың еңбек құқығын қорғауға ерекше көңіл бөлуде. 2019 жылдың қортындысы бойынша партияға 217 мыңнан астам арыз-шағым түсті. Оның 3100-ден астамы еңбек заңнамасы, жалақыны уақытында төлемеу, заңсыз жұмыстан шығаруға қатысты, яғни, қызметкерлердің еңбек құқығы бойынша мәселелер біздің ел үшін өте өзекті.

Хабар 24 телеарнасы