377,04 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдағы сауда орталығына күмәнді пакет қалдырған азамат ұсталды

  • 61
  • UPD: 10:39, 12.02.2020
Алматыдағы сауда орталығына күмәнді пакет қалдырған азамат ұсталды

Алматыда сауда орталығында орналасқан банкке күмәнді пакет қалдырып кеткен ер адам ұсталды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Медеу аудандық полиция басқармасының хабарлауынша, пакеттің иесі Алматы қаласының 1998 жылғы тұрғыны болып шықты.

«Ұсталған азамат пакеттің өзіне тиесілі екенін бірден растады. Оның айтуынша, құрылғыларды өсімдік өсіру әдістерін жетілдіру үшін қолданып жүрген. Ол тұрмыстық бұйымдар салған пакетін банк бөлімшесінде ұмытып кеткен екен. Азамат А.-ның келтірген дәйектері міндетті түрде қайта тексеріледі. Аталмыш факті ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу тізіліміне енгізілді», – деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Болат Тотыбаев.

Еске салайық, Назарбаев даңғылында орналасқан сауда орталығына келушілер күдікті пакетке байланысты эвакуацияланған болатын.

Хабар 24 телеарнасы