425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда жыл сайын 2 мыңға жуық көлік өртенеді

  • 467
Қазақстанда жыл сайын 2 мыңға жуық көлік өртенеді

Елімізде жыл сайын 2 мыңға жуық көлік өртенеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – Қазақстанда бір жылда болатын өрт оқиғаларының 20 проценті. Бүгін өткен баспасөз мәслихатында Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер осылай деді. Оның айтуынша, соңғы 3 жылда газбен жүретін 374 көлік өртеніп, 5 адам қаза тапқан. Жауапты мамандардың айтуынша, көп жағдайда жүргізушілер өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамайтын көрінеді.

Еске салайық, 2019 жылдың желтоқсанынан бастап жабық тұрақтарға газбен жүретін көліктердің кіруіне тыйым салынған еді. Бүгін Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы бұл шектеуді бұзғандардың қалай жазаланатынын айтты.

Владимир Беккер, ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы:

– Бұл норманы өрт қауіпсіздігі талаптарына енгізу арқылы азаматтық қорғау органдарында тәртіп бұзғандарды әкімшілік жауапкершілікке тарту мүмкіндігі пайда болды. Әкімшілік кодекстің 410-бабына сай өрт қауіпсіздігін сақтамағандар 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жазаланады. Бұл – шамамен 12 мың теңге.

Хабар 24 телеарнасы