414,13 452,15 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанда «Көктем – 2020» республикалық арнайы тактикалық оқу-жаттығуы өтті

  • 510
  • UPD: 09:18, 18.02.2020
Түркістанда «Көктем – 2020» республикалық арнайы тактикалық оқу-жаттығуы өтті

«Түркістанға судан келер қауіп жоқ. Алайда, барлық қажетті техника сақадай сай тұр». «Көктем – 2020» республикалық арнайы тактикалық оқу-жаттығуында мамандар осылай деді, деп хабарлайды «Хабар 24»

Оқу-жаттығу жиыны Түркістан қаласы аумағында өткізілді. Жаңбыр шамадан тыс көп жауып, қалаға қауіп төндіруі мүмкін деген «Арыс-Түркістан» каналының түбі бүгінде толық тазаланған. Каналдың жағалауы нығайтылып, арық жүйелері бекітілген. «Су да жылдағыдан аз, сондықтан алаңдауға негіз жоқ», – дейді мамандар. Десе де, облыстың қала-аудандарында азаматтық қорғау органдарының көктемгі су басу кезеңіне дайындық жұмыстары жалғасуда. Қазір Төтенше жағдайлар комитетінің тапсырмасына сәйкес, ақпан айының соңына дейін облыс аумағында азаматтық қорғау органдарының қатысуымен арнайы тактикалық оқу-жаттығулар өткізіліп жатыр. Оған жеке құрамнан 761 адам мен 190 техника жұмылдырылған.

Талғат Досалиев, қалалық төтенше жағдайлар басқармасының басшысы:

– Техниканың барлығы жақсы жағдайда. Барлығы жаңа. Кез келген төтенше жағдай кезінде өздеріне жүктелген міндеттерді толық көлемде орындай алады. Түркістан қаласын су басу қаупі жоқ. Барлық қауіпсіздік шаралары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы