419,57 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанның қай өңірлерінде үй телефондары әлі де көп қолданылады

  • 447
  • UPD: 09:53, 19.02.2020
Қазақстанның қай өңірлерінде үй телефондары әлі де көп қолданылады

Ауыл-аймақтардың тұрғындары жергілікті телефон қызметтерінен қала тұрғындарына қарағанда қарқынды түрде бас тартуда, деп хабарлады energyprom.kz.

Қаңтар айы бойынша жергілікті телефон байланысы 3 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш бір жыл ішінде 5,5%-ға кеміген. Оның ішінде 864,1 млн теңгені ауылдық жерлердегі телефон байланысы құрайды, ол алдыңғы жылмен салыстырғанда 12,5%-ға аз.

Қызметтердің жалпы көлемінің 21,8%-ы Алматыға тиесілі, ол 655,3 млн теңгені құрайды.

Сондай-ақ жергілікті телефон байланысын көп қолданатын жетекші үштікке Қарағанды ​​(10,6%) және Шығыс Қазақстан (7,8%) облыстары кіреді.

Жалпы үй телефондары қызметтері 2014 жылдан бастап құлдырай бастады.

Хабар 24 телеарнасы