445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирус күдігімен ауруханаға түскен петропавлдық отбасыдан індет белгілері анықталған жоқ

  • 352
  • UPD: 19:50, 20.02.2020
Коронавирус күдігімен ауруханаға түскен петропавлдық отбасыдан індет белгілері анықталған жоқ

Петропавлда коронавирус жұқтырды деген күдікпен бүтін бір отбасы ауруханаға түскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлеуметтік желіде тараған видеода оларды арнайы киім киген дәрігерлер шұғыл түрде алып кетіп жатыр. Ерлі-зайыптылар екі баласымен жақында ғана Таиландқа барып демалып келген екен. Дәрігерлердің айтуынша, елге оралысымен жөтеліп, дене қызулары көтерілген. Қазір жанұя жұқпалы аурулар бөлімшесінде ем қабылдап жатыр. Қатаң бақылауға алынды. Әйтеуір зерттеу қорытындысы бойынша, коронавирус белгілері анықталған жоқ.

Олег Завьялов, облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері:

– Бұл отбасы «А» тұмауымен ауырып қалған. Қазір жалпы жағдайлары тұрақталды. Төртеуі де ем-дом қабылдап жатыр. Олардың нақты қашан шығатынын айта алмаймын. Ол зерттеу қорытындысы бойынша белгілі болады.

Хабар 24 телеарнасы