445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев: Бұл қиындықты бәріміз бір халық, бір қоғам болып міндетті түрде еңсеріп шығамыз

  • 122
  • UPD: 14:44, 16.03.2020
Қ.Тоқаев: Бұл қиындықты бәріміз бір халық, бір қоғам болып міндетті түрде еңсеріп шығамыз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстанда жарияланған төтенше жағдайға байланысты телевизиялық үндеу жасады.

Президент үндеуінде Үкімет қорынан дәрі-дәрмек және зертханаға арналған жабдықтарды алу үшін қаражат бөлінгенін және ауруханаларда орын жеткілікті екенін айтып өтті.

«Бұл індетпен күресуге толық мүмкіндігіміз бар екенін баса айтқым келеді. Бұл қиындықты бәріміз бір халық, бір қоғам болып міндетті түрде еңсеріп шығамыз. Бұл – уақытша дүрбелең. Осы дағдарыстан абыроймен өтуіміз керек», - деді Қ.Тоқаев.

Енгізілген шектеулерге әр азамат жауапкершілікпен қарауы тиіс екенін айтып өтті.

«Әр адам барынша сақтанып, вирустың таралмауына атсалысуы қажет. Еліміздің барлық азаматы өкілетті органдардың қызметіне қолғабыс етеді деп сенемін. Осындай кезде бәріміз сабыр сақтап, тәртіпке бағынуымыз керек», - деді Президент.

Мемлекет басшысы үндеуінің толық мәтінін мына жерден оқуға болады.

Қазақстан Республикасында бүгіннен бастап төтенше жағдай енгізілді.

Айта кетсек, бүгінде елімізде коронавирус жұқтырған 9 науқас тіркелді: Алматы қаласында – 7, Нұр-Сұлтан қаласында – 2 адам. Стационарлық карантинде 1 мың 641 адам, үй карантинінде 981 адам жатыр.

Хабар 24 телеарнасы