413,26 452,15 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» несие төлеу мерзімін үш айға шегерді

  • 279
  • UPD: 21:39, 23.03.2020
«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» несие төлеу мерзімін үш айға шегерді inform.kz

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» ипотекалық несие төлеу мерзімін 3 айға шегерді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жеңілдік сәуір мен маусым айларының аралығына жасалып отыр. Яғни, аталмыш кезеңде ешқандай айыппұл немесе өсім қосылмайды. Төтенше жағдай кезінде көп адам уақытша табыстан қағылғандықтан несиелерін төлей алмауы мүмкін. Сондықтан банк басшылары осындай шешім қабылдаған.

Хабар 24 телеарнасы