411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирустың таралу қаупі үдеп барады - Д.Абаев

  • 497
  • UPD: 18:11, 28.03.2020

Елімізде коронавирус індетінің таралуы үдеп барады. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев онлайн брифингте айтты.

«Бұл тікелей эфирді онлайн брифинг емес, үндеу деп қабылдаған жөн. Өздеріңіз көріп отырсыздар, індеттің таралуы үдеп барады. Бір түнде коронавирус жұқтырған қырықтан астам адам анықталғаны – алаңдататын жағдай. Қазір вирус жұқтырғандардың саны 204-ке жетті. 1899 адам стационарлық карантинде. Үш жарым мыңнан астам адам үй карантинінде жатыр. 6 мыңнан астам ауырғандармен байланыста болған. Олардың 95%-ының кім екені анықталды. Біз өте күрделі кезеңде тұрмыз. Вирус таралуын бақылай алмай қалу қаупі туындап отыр», - дейді Дәурен Абаев.

Хабар 24 телеарнасы