411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бір күнде төтенше жағдай талаптарын бұзған 237 адам жауапқа тартылды

  • 187
  • UPD: 19:03, 28.03.2020
Бір күнде төтенше жағдай талаптарын бұзған 237 адам жауапқа тартылды

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев заң бұзушылықтар туралы айтты.

«Кейбір адамға ауру белгісі бірден білінбеуі мүмкін. Ондай адам үйде отырмаса, өзі білмей басқаларға жұқтырады. Осылайша ондаған отбасының обалына қалуыңыз мүмкін. Осындай жағдайдан сақ болайық. Қазір вирусқа қарсы ең тиімді күрес – ол карантин режимін сақтау. Сіздерден осыны тағы да сұраймыз, үйден шықпаңыздар», - деді Абаев брифингте.

Ақпарат министрі ауру кез келген жерде жұғуы мүмкін дейді.

«Алайда көп адамның бұл ескертулерге салғырт қарайтынын көріп отырмыз. Мысалы, кеше бір күннің өзінде төтенше жағдай талаптарын бұзғаны үшін 237 адам жауапқа тартылды, оның 74-і қамауға алынған. Бұл бейқамдық науқастарға ауруханада орын жетпеуіне әкелуі мүмкін. Оған жол беруге болмайды», - деді Дәурен Абаев.

Хабар 24 телеарнасы